Жылы сөзге шөлдедім – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Жылы сөзге шөлдедім» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 797
Адамдардың шапағатына шөлдедім,
Хас сұлудың махаббатына шөлдедім.
Аптап жоқта аңқасы кепкен кеудемді,
Сенбесеңдер қақыратып ашып көр менің.
Кеудем толы сағымдар басқан шөл ғажап,
Сол бір шөлім бір басылмай болды азап.
Кең дала емес, теңізде жүріп шөлдедім,
Сенбесеңдер кеудемді көзбен көр, қазақ.
Суға емес, жылы сөзге шөлдедім,
Ұлағатты ұлы сөзге шөлдедім.
Шөлдеп тұрып, ғашық болдым мәңгілік,
Қос ішегін басып қалып перненің.
Бір басылмас шөлге баттым тереңнен,
Кеудем осы шөл гүліне бөленген.
Сапар кешіп жер-жаһанды аралап,
Жер бетінде шөлдеуменен келем мен!
Құлашымды толқын атып сермедім,
Таулы шыңның төзіміне шөлдедім.
Ертектегі қарақат көз, қиғаш қас,
Қолаң шаштың сезіміне шөлдедім.
Шөлдеуменен өтіп жатыр өмірім,
Қуаныштан көңілімнің көбі мұң.
Бір-ақ рет бұлақ көзі атқылар,
Мәңгі менің шөлде болар сенімім.
Тұлпар мінсе, қолы кетпес белбеуден,
Асау ағыс кеудемді осы кернеумен.
Кәусар бұлақ – дүниеден сені іздеп,
Мен білмеймін өтер ме екем шөлдеумен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылы сөзге шөлдедім өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Жылы сөзге шөлдедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылы сөзге шөлдедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылы сөзге шөлдедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері