Қапы қалдым – Бернияз Күлеев

Бұл бетте «Қапы қалдым» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3511
Өткен соң қызық дәуір балалықтың,
Өмірге кірді өзгеріс саналып күн.
Ойласам бас қатады, жан ашиды.
Арасын балаық пен саналықтың.
Бар жанды жақын көріп айырмастан,
Жұмсақ сөз, жылы жүзге бауыр басқан.
Орнығып жарық сәуле таудай үміт,
Жас көңіл махаббатпен қойнын ашқан.
Жалғанның барлық жанды, жансыз затын,
Білмек боп құмар көңіл асығатын,
Көрінген, естілген суреттеліп,
Желімдей жас жүрекке жабысатын.
Өзге түр, ізгі көңіл терең сырлы,
Тез сезер қуанышты, қайғы - мұңды.
Көрініп қызғалдақтай тез солатын
Сол екен ең қымбат шақ өмір гүлі.
Сонда екен от жүректің ізгі шағы,
Сол екен өмірімнің байлау бағы.
Сонда екен бойда қуат, ойда байлық,
Үміттің алтын тағы, асыл тәжі.
Өзгеріп бастапқыдан жаным - тәнім,
Сол екен адамдыққа тұңғыш адым.
Тұрмыстың бал мен улы табағынан
Бағыма я сорыма татар дәмім.
Қайтейін сорға тағы жаңылыстым,
Қапыда жөні босқа жолға түстім.
Асығыс албырт көңіл ағат кетіп,
Тағдырдың бал орнына уын іштім.
Бұл ма еді мен іздеген бақ есігі,
Өмірімнің елестеген бұл ма ел түні,
Мас болып ерке көңілім тынбай қуған,
Құбылған ер жүректің қайда үні?
Бүйтерін кім біліпті бұл жалғанның,
Сендім де «ал» дегенін қабыл алдым,
Жолымнан жауыз тағдыр жаңылдырды,
Ой, дүние - ай, мезгілінен қапы қалдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қапы қалдым өлеңінің авторы кім?

Бернияз Күлеев — осы өлеңнің авторы.

Қапы қалдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қапы қалдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бернияз Күлеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қапы қалдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері