Баға жетпес халқымның жақынымын – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Баға жетпес халқымның жақынымын» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1142
Баға жетпес халқымның жақынымын,
Дүниенің жетпес қолы талайының.
Тәуелсіз қазағымның ақынымын,
Мен өзім – жаңа ғасыр Абайымын!
Сезеді өзгеше ақын айырымын,
Мен десе замандасым білер дайым,
Тәуелсіз ел-халқымның шайырымын
Мен болам – жаңа дәуір Сүйінбайың!
Шалқыған арманым бар көп теңіз боп,
Бола ма кең дүниеге сапар шекпей.
Тәуелсіз ұлы еліме өкпеміз жоқ,
Қол сілтеп қалай айтам Махамбеттей!?
Солардай ғұмыр кешкен жаһанда өттім,
Жүзіндей найза-қылыш алмасының.
Абайы, Сүйінбайы, Махамбеттің
Өмірлі өлеңінің жалғасымын.
Халқымның ұшан-теңіз ақылы көп,
Батпайды Құдай берген кім ғажапқа.
Дәл мендей тәуелсіз ел ақыны жоқ,
Бостандық тұлпар мінген бұл қазақта!?
Құдайым, Тәңір берген тәуелсіз ел,
Еңселі сөз айтуға хақылымын.
Құдайым, Тәңір берген тәуелсіз ел,
Сол елдің, сол қазақтың ақынымын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баға жетпес халқымның жақынымын өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Баға жетпес халқымның жақынымын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баға жетпес халқымның жақынымын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баға жетпес халқымның жақынымын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері