Ассалауғыма әлейкүм, Елім, Жұртым!

Бұл бетте «Ассалауғыма әлейкүм, Елім, Жұртым!» атты Шөмішбай Сариев жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 887
Ассалауғыма әлейкүм, Елім, Жұртым!
Туған күнім, ағайын, менің бұл күн!
Амандасып қалайын өздеріңмен,
Өзендей өте шығар Өмір бір күн.
Бөледім сансыз мәрте жанды мұңға,
Шомылдым таңғы шық пен Таңғы нұрға.
Өмірге ризамын осы Күнге,
Аман-есен жеткізген Тағдырыма!!!
Тәңірім не жазғанын көремін де,
Ел-жұртым өзі алады керегін де.
Қазақтың жүрегі бар дүрсіл қаққан,
Әрбір жол, әрбір шумақ Өлеңімде!
Бұл өлең кездесіпті он үшімде,
Менімен мәңгі сырды бөлісуге.
Өлеңіме жазылар Шөмішбай деп,
Атым бар қарапайым Ел ішінде!
Жыр досым алдыма әкеп жайды бәрін,
Білемін куаныш пен қайғы барын.
Өлеңімді мәңгілік досым етіп,
Сол достан өмір бақи айнымадым.
Көрдім бе, мен білмеймін, көрерімді,
Бердім бе, мен білмеймін, берерімді.
Алпыстағы бала боп алдарында,
Тағы оқып,
тұрмын міне, Өлеңімді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ассалауғыма әлейкүм, Елім, Жұртым! өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Ассалауғыма әлейкүм, Елім, Жұртым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ассалауғыма әлейкүм, Елім, Жұртым! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ассалауғыма әлейкүм, Елім, Жұртым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері