Атам тайға мінгізді – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Атам тайға мінгізді» атты Серік Әкірамұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1339
Атам тайға мінгізді,
Тізгін берді қолыма.
Қолға қамшы ілгізді,
Шық деп өмір жолына.
Тайым мөңкіп тулады,
Қыстым қатты тақымды.
Ұшқан құстай зулады,
Жықпақ мендей «батырды».
Оңғара көр, – жолын деп,
Сиынып тұр апам да.
– Міне жігіт болды, – деп,
Мәз болады атам да.
Таскенеше жабысып,
Тізгінімді тартамын.
Келем менде намыс қып,
Сезем үміт артарын.
Аралап бел, сайымды,
Келдім біраз жол жүріп.
Бастықтырдым тайымды,
Қалды әбден болдырып.
Атам берді батасын:
– Адалдыққа құштар бол.
Азамат – деп атасын,
Ел тізгінін ұстар бол!

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атам тайға мінгізді өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Атам тайға мінгізді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атам тайға мінгізді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Атам тайға мінгізді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері