Шекербектің қылығы – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Шекербектің қылығы» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1086
Шекербек те кешеден,
Шығарды сөз таласын.
Көрдім деді көшеден,
«Пойыздың мен баласын».

Адасқан-ау шамасы,
Көшеде ол жүр деді,
Суреті оның қарашы,
Кітапта да тұр деді.

Күлді мәз боп бәрі енді,
Қызық болды мұнысы.
Таппақ болып дәлелді,
Басталды тың жұмысы.

Парақтаумен тұр бетін,
Айналысып ісімен.
Трамвайдың суретін,
Тапты кітап ішінен.

РS.
Не көрсе де далада,
Шын қабылдап тұрады.
Ұқтырмаған балаға,
Үлкендер ғой, кінәлі.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шекербектің қылығы өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Шекербектің қылығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шекербектің қылығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шекербектің қылығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері