Наурыз – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Наурыз» атты Серік Әкірамұлы жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.03.2020
  • 0
  • 2
  • 4746
Келді наурыз, гүл-көктем,
Төгіледі нұр көктен.
Наурызды тойлайды ел,
Шаттық толы дүрмекпен.
Жаңарды бар тіршілік,
Ағаш-талға бүр шығып.
Алтынкүрек желі ескен,
Бәйшешек гүл құлпырып.
Күн менен Түн теңелді,
Дала нұрға бөленді.
Ұлы күні ұлыстың,
Ел ырысқа кенелді.
Берекенің бастауы,
Тілек айтқан жас-кәрі.
Құшақ ашқан құстарға,
Туған елдің аспаны.
Мейіріммен астасқан,
Ізгілікпен достасқан.
Ән шалқытып, күй тартып,
Наурызда ел бас қосқан.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (2)

Бекзат

Өлең өте әдемі әрі шаттыққа толы шыққан, Серік Әкірамұлының балаларға арналған тақпағы – нағыз Наурыз рухы!
Наурыз құтты болсын, гүлдей берсін өміріміз!

Жұлдыз

наурыз туралы балаларға арналған керемет тақпақ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Наурыз өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Наурыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Наурыз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Наурыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері