Борпық қарды борбайлап
Бұл бетте «Борпық қарды борбайлап» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Борпық қарды борбайлап,
Соқа басым сорқайнап,
Жаның күйгiр жастықтан
Кетiп қаппын шалғайлап.
Басқа шауып балдай бақ,
Жəннат, лəззат жан жайлап,
Мамырдағы майсадай
Тамырдағы қанды ойнат!
Таң шапағы қарда ойнап,
Тəттi ұйқыға қанбай ғап,
Мен жатайын жаныңда
Əлсiз жанған шамдай боп…
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі