Түн лəззəтiн таба алмай, жан құмарын
Бұл бетте «Түн лəззəтiн таба алмай, жан құмарын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн лəззəтiн таба алмай, жан құмарын,
Сан жұлдызға көзiмдi талдырамын.
Көзiңдегi көлiңдi сарқып iшiп,
Қашан ғана шөлiмдi қандырамын?
Талшыбығым,
Майысқан талқұрағым,
Сенсiз қалай күн кешiп, қам қыламын?
Жалын құшып, жан-денем, оттай ысып,
Балыңды iшiп тауса алмай балбырадым.
Тоқтау бiлмей тоңмойын арғымағым,
Толқын-толқын сезiмдi жарға ұрамын.
Алып қашып барады əлдене күш,
Қайтқызбай да айтқызбай арғы жағын…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі