Қайта тудым
Бұл бетте «Қайта тудым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайта тудым,
Қайта ойнадым.
Қайта тұрдым,
Қайта ойладым.
Құз басында айқайладым,
Қыз қасында тəй-тəйладым.
Сенiң күлкiң жарасымды,
Менiң тұрқым бала сынды.
Тайып кетсем «табалайтын»
Тапқан екем жанашырды!
Сақ-сақ күлiп мəз боласың,
Нəркес көзбен назданасың.
Əлтек-тəлтек еттi-ау менi
Айдындағы аз ғана сын.
Наздан,
Мəз бол,
Күл, мазақта..,
(Кiм күлмеген бұл қазаққа)
Күллi азабың татыр ма екен
Балдан тəттi бiр лəззатқа?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі