Жанкүйерлер

Бұл бетте «Жанкүйерлер» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2453
Міне, ойын басталды,
Доп ортаға тасталды.
Жанкүйерлер дауысы,
Жаңғыртты жер-аспанды.
Алға, алға, жеңілме,
Дайын бол доп тебуге.
Қолдап келген сендерді,
Жанкүйерлер сенуде.
Алға, алға берілме,
Жанкүйерлер сенуде.
Ала допты ойыншы,
Қақпаға дәл тебуде.
Шабуылда Марат жүр,
Қорғаныста Самат тұр.
Өткізбейтін еш допты,
Қақпашы ғой Қанат бұл.
Жанкүйер боп бәріміз,
Толқып бірге жанымыз.
Жеңіс туын қайтамыз,
Желбіретіп әлі біз.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанкүйерлер өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Жанкүйерлер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанкүйерлер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанкүйерлер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері