Мамандық – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Мамандық» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 7940
Теміржолшы атам да,
Шығады алыс сапарға.
Сәнді киім тігетін,
Тігінші ғой апам да.
Әкем құрылыс салады,
Көркейтеді қаланы.
Анам менің ұстаз ғой,
Оқытқан бар баланы.
Пайдасы көп елге оның,
Салады ағам ел жолын.
Әпкем менің дәрігер,
Жасайтұғын ем-домын.
Білікті ғой бар маман,
Ұшқыш та бар самғаған.
Инженер мен заңгер бар,
Елге еңбегін арнаған.
Болашаққа жол алдым,
Кемелденіп толамын.
Бір мамандық иесі,
Мен де өскенде боламын.
* * *
Инженер, мұнайшы, дәрігер,
Құрметпен атайды бәрін ел.
Ең ізгі мамандық – ұстаздық,
Біліммен нұр құйған тәлімгер.
Құрылысшы зәулім үй салады,
Аграном тыңайтар даланы.
Журналист ақпарат таратар,
Шахтершы жерден кен алады.
Мүсінші, тігінші, зергер де,
Еңбегін өнермен берді елге.
Әскери маман мен кеденші,
Қорған боп тұрады ел, жерге.
Бар екен сан түрлі мамандық,
Қажет тек біліктік, адалдық.
Ардақтар әр маман иесін,
Ісіне шебер деп тәмам жұрт.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамандық өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Мамандық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамандық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мамандық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері