Мектебім
Бұл бетте «Мектебім» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Болам деп шәкірт ақылды,
Жаттадық өлең, нақылды.
Алғашқы қоңырау соғылып,
Мектепке күзде шақырды.
Біліммен жанға гүл еккен,
Қастерлеп атын жыр еткем.
Мектебім – білім желкені,
Ұшырып көкке түлеткен.
Құшағын ашқан балаға,
Дарытқан сәуле санаға.
Мектепте осы оқыған,
Дәрігер, ұстаз, дана да.
(балаларға арналған тақпақ)
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі