Болмасаң да, ұқсап бақ – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Болмасаң да, ұқсап бақ» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 6820
Ұлы Абайдай хакім бол,
Сүйінбайдай ақын бол.
Елін, жерін қорғаған,
Қабанбайдай батыр бол.
* * *
Ақиқаттан танбаған,
Би бол елге, жан балам.
Төле, Қазыбек, Әйтеке,
Дана жолын жалғаған.
* * *
Қуантатын халқыңды,
Өнер үйрен сан түрлі.
Қажымұқандай палуан бол,
Әлем білсін даңқыңды.
* * *
Терең білім ала біл,
Дәрілік шөп дала бұл.
Өтейбойдақ бабаңдай,
Дертке шипа таба біл.
* * *
Ұрпағы сен тектінің,
Елім деп тер төк, күнім!
Спортшы бол даңқты,
Желбірет ел көк туын!
* * *
Құрметтеп ел қарсы алған,
Өлең жазып, ән салған.
Өнерпаз бол, қарағым,
Талантына ел тамсанған.
* * *
Маңдай тері таматын,
Зәулім үйлер салатын.
Құрылысшы бол, еңбекпен,
Елден алғыс алатын.
* * *
Аралайтын даланы,
Аралайтын қаланы.
Журналист бол, ойы ұшқыр,
Жазар жүйрік қаламы.
* * *
Ізгілікті теретін,
Перзентіндей көретін.
Ұлағатты ұстаз бол,
Тәлім, білім беретін.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болмасаң да, ұқсап бақ өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Болмасаң да, ұқсап бақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болмасаң да, ұқсап бақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болмасаң да, ұқсап бақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері