Тіліме тиіскен тексізге
Бұл бетте «Тіліме тиіскен тексізге» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Өз тiлiңдi өзiң
Бiлмегенiң үшiн
Жерге
Кiрiп кетудiң орнына,
Көрге
Кiрiп кетудiң орнына
Қорлайсың! –
Әруақ болса –
Екi дүниеде оңбайсың.
Тiлiмдi бiлмейсiң ғой!
Ол долданса! –
Сен сорлыны – бiр уыс қып! –
Тыпырлатып
Байлап тастайды.
Құтырған бурадай
Желкеңнен алып
Шайнап тастайды.
Сонан соң –
Сендей сасықты неғылсын! –
Жынымен бiрге
Түкiре салады.
Табанымен таптап
Мылжа-мылжаңды шығарып
Бiтiре салады.
Оған тас атпа!
Марқұм боп
Мақұрымға кетесiң, –
Лақтай бақырып
Тақымында кетесiң.
Түбiнде – дәл сенiң! –
Керегiң де болмайды.
Диiрменмен тартса
Кебегiң де қалмайды.
Сендей-сендейлердi
Жаңғақ құрлы көрмей
Шағып тастайды.
Сендей-сендейлердiң –
Көк бөрi тiлiм! –
Таңын айырып
Жарып тастайды.
Ар мен ожданым
Күш пен қуатым –
Тiлiм бұл.
Осыны бiлiп ал,
Бетiң тiлiңгiр!
Тiлiме тиiспе! –
Шiрiген шелектей –
Түбiң тесiлгiр!
Тiлiме тиiспе,
Тiлiң кесiлгiр!
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі