Көкпар

Бұл бетте «Көкпар» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 10268
Дода десе тап берер,
Көк серкені шап берер.
Көкпаршылар ойыны –
Сыналады ат пен Ер.
Кіл мықтыны шақырған,
Алыс пенен жақыннан.
Жанкүйерлер қуанар,
Жұлып алса тақымнан.
Әкетті әне бір жігіт,
Жанарында нұрлы үміт.
Жанкүйерлер айғайлап,
Қалды бір сәт дүрлігіп.
Атын баптап, сайлаған,
Көкпар десе жайнаған.
Сайыпқыран жігіттер,
Белін бекем байлаған.
Жанкүйерлер күш беріп,
Намыстарын қайраған.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкпар өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Көкпар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкпар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкпар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері