Уа, Қарт Бөгенбай!

Бұл бетте «Уа, Қарт Бөгенбай!» атты Ақтамберді жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 3
  • 24862
Уа, Қарт Бөгенбай!
Құяр жауын аспаннан,
Қара бұлт торласа.
Пәлекет елде көбейер,
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар,
Алдын қазып орласа.
Пенденің бағы ашылмас,
Мандайы қалың сорласа.
Дұшпан қорлап не қылмақ,
Бақыт басқа орнаса!
Қынаптан қылыш суырмай,
Қарысқан жау бүлк етпес,
Жуылмай қастың қанымен,
Намысқа тиген кір кетпес.
Шабыссаң, қане, шығып көр,
Жау емессің күш жетпес,
Дарабоздай қолбасы
Абыройын кірлетпес!
Ұрын келген күйеу қайда,
Жесір қайда тіл отпес?
Жендетті көрсет көзіме,
Желіккен басты кім кеспес?!
Елінді жүндей түткізіп,
Қанды көбік жұтқызып,
Жайратамыз осы кеш!..


Пікірлер (3)

Аяулым Тұрарова

Керемет! Жарайсыз????

Мағжан

Айтып кетіптіғой кезіндее

Аружан

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уа, Қарт Бөгенбай! өлеңінің авторы кім?

Ақтамберді жырау — осы өлеңнің авторы.

Уа, Қарт Бөгенбай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уа, Қарт Бөгенбай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақтамберді жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уа, Қарт Бөгенбай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері