Көздері - күн, кірпігі - нұр – Мерей Қартов

Бұл бетте «Көздері - күн, кірпігі - нұр» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 798
"Күрсінгенім" - деп
түсін күн күркірін,
Мың сұрақтан
құралған мың бір түнім.
Әлемді жарық
қылып жібереді,
Көріктім,
Күн-көздерің, Нұр-кірпігің!

Күн көзіңе
ғашық боп, шырай берген
Қымсынып
құшақтағам құмай белден.
"Жұмақ" деген
екен-ау жер бетінде,
"Хор Қызын"
аямапты Құдай меннен.

Сенсіз өмір,
өлең де қайда маған,
Жалғыздықтан
жабығып айға қонам
Жүрегіме тамады
мөлт-мөлт етіп,
Кіршіксіз нұр
көзіңнен тайғанаған.

Сезінші
сезімімнің сіркірін бір,
Өтсе егер
өкінемін бір күнім құр,
Қараңғыдан
жанымды құтқаратын,
Жарымның
көздері-Күн, кірпігі-Нұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көздері - күн, кірпігі - нұр өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Көздері - күн, кірпігі - нұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көздері - күн, кірпігі - нұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көздері - күн, кірпігі - нұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері