Біздің шепте
Бұл бетте «Біздің шепте» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ленин тұрды,
Нығып басып табанды.
Қолын сілтеп,
Берді қатты команды:
«Майдан ақтық!..»
Дабыл қақтық,
Қарсы ап аттық.
Қанға құмар,
Қанды тұмсық қабанды.
Зеңбірек топ,
Бомбы талқан гүрсілдеп,
Жер менен көк
Қалшылдады дүрсілдеп.
Гүрсілдеп топ,
Дауыл боп оқ,
Қайнаған шоқ.
Өрт боп күлді:
«Екі тапқа бір сын!..» деп.
Біздің әскер
Атып шепте жатпады.
Оқ пен отқа
Қарсы атқылап қаптады...
Найза жасыл,
Алмас асыл
Емес жасыр,
— Біз — атты лек
Бір бүйірден таптадық...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі