Екі күш
Бұл бетте «Екі күш» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұмыскер тап
Алып жаудың ордасын,
Қан майданда
Талқан қылып мордасын.
Жайқап туды,
Лектеп нуды,
Жауды қуды,
Көкке ұшырып
Күлін — арам қордасын!.
Жау жұмсады,
Неше түрлі айласын;
Білсе де сұм
Біздің табан таймасын.
Іштен, тыстан,
Әрбір тұстан,
Деді мыстан: «Социалды
Тілек қанат жаймасын!»
Іштен, тыстан,
Жау сұм тілін безеді.
«Ай, сені ме!» —
Дегеніңе оқ кезеді.
Арам нәсіл,
Туы ақ, жасыл,
Қандай тәсіл.
Қолдануын,
Сұм залымдар сезеді.
Сұм ұлдары,
Түрлі құрал қармасты.
Айқасып сан,
Кезеңдерде жармасты.
Қылыштасып,
Қал май жасып,
Шықтық асып,
Оңды-солды
Жарқ-жұрқ сілтеп алмасты
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі