Сезімің – Мерей Қартов

Бұл бетте «Сезімің» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Сезімің
суалды деп сезіктен бе,
Сөз боратпа,
мен жайлы кезіккенге
Өр мінезге,
тәкапар басыңды иіп,
Өмір сүр
тағдырыңа төзіп, көн де!

Албыртпыз
асаулығы басылмаған,
Жанар ғой
жабыққанды жасырмаған
Суыт жүрсем
салқын деп қабылдама,
Абаданым
келді деп асыл маған.

Көркіңнен
айналайын гүл өңдестім,
Өмірде
тығырыққа тірелмес кім?!
Елегізіп
еркем-ау елеңдеме,
Түн ішінде
ерттелсе күрең бестім.

Бұзбашы
мен келгенде іреңіңді,
Жайып шық
саусағы бар жүрегіңді
Тілсіз неге
тудың деп тергемеші,
Таң ата
терлеп келген күреңімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезімің өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Сезімің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезімің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезімің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері