Мамырға тілек – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Мамырға тілек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 816
Келдің бе, ерке сұлу мамыр айым,
Жайнатып күн келбетін, таң райын.
Жуынып жаңа көктем жаңбырымен,
Жап-жасыл жапырағыңды жамылайын.
Жалықпай жырла, жырла, жыршым менің,
Жасампаз мәңгі өмірдің тылсым демін.
Келісті көк орманым жұпар шашып,
Күмбезін кір шалдырмай тұрсын көгім.
Нәзігім, тербе дүние алабын бұл,
Толықсып шешек атсын дала гүл-гүл.
Жас талдың бұтағына қонып алып,
Алаңсыз әнге бассын бала бұлбұл.
Қалыңдап жер жамылған көрпе-құрақ,
Қаптасын момын қозы, тентек лақ.
Құпия жүрегімнің лүпілімен
Тілдесіп, үнін қоссын ерке бұлақ.
Толғанда табиғаттың көзіне нұр,
Төгеді інжу-маржан сөзін өмір.
Жарқ етіп жыл айналып сен келгенше
Ынтығар іңкәр жүрек өзіңе бір.
Жасартып тірлік көшін шамаң барда,
Тарта бер замандардан замандарға.
Жататын бірі келіп, бірі кетіп
Пенденің қайғысына алаң болма!

1982


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамырға тілек өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Мамырға тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамырға тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мамырға тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері