Қара қаншық! – Мерей Қартов

Бұл бетте «Қара қаншық!» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 920
Көрші шалда
бар еді қара қаншық,
Көп үрмейді,
көп итпен жағаласып.
Ұлыған дауысынан оянады,
Ай мен жерді
жалғайтын арақашық.
Қан жүрекке
қалған ба ұйып қайғы?!
Өз тағдырын
өзгеше тұйықтайды.
Бір бекзаттық
қанында қалғаны ма?
Төбетті
менсінбейді, ұйықпайды!
Тауға тартып
кетеді әр ақпанда,
Үйде өскенмен,
тағы қып жаратқан ба?
Тәңірден
жіберілген сырттан шығар,
Абаданның
ұрпағын таратқанға.
Арланмен
тым жақындап аралары,
Емшектері
салбырап оралады.
Жауырыннан
көретін жортқан жолын
Кәрі шалдың
дәл келіп жорамалы.
Күндіз үрмей,
ал түнде ұлыды ма?!
Дөңбекшіді
кәрі шал қылығына.
Сол түні
ту биені жарып жепті,
Жерік болып
іштегі құлынына.
"Көз жазып қалам ба?"
-деп жалғасынан!
Ізім-ғайым
жоқ болды ауласынан,
Иттігі
үйшігінде қалған қаншық,
Соңғы мәрте
үріпті тау басынан.
Қара қаншық
болса да қара басқыр.
Тағы ғой
тағдырына қарамас құр.
Алтайда
ауық-ауық кездесетін,
Осының
ұрпағы ғой қара қасқыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара қаншық! өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Қара қаншық! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара қаншық! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара қаншық! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері