Ат үсті (Желдіқараға жеткенше) – Мерей Қартов

Бұл бетте «Ат үсті (Желдіқараға жеткенше)» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 607
Желдіқара
сайың да, саяңда құт
Бауырыңа
біз үшін таяу бақыт.
Төсіңе
аунап-қунап кетейінші.
Төбелмен
тура тарттым аяңдатып.

Алайын
енді бір сәт жорғалатып,
Бұдан асқан
өмірде барма бақыт,
Жазық жерде
жазылтып көсілтейін,
Төбелдің
тамшы терін сорғалатып.

Салайын
желдей енді желісіңе,
Танылған
құлын еді желісінде.
Ойын-сауық,
көкпарда сені мінсем
Еңсем
биік тұратын ел ішінде.

Етің қызды
Үдетші шабысыңды,
Жануарым
қайрашы намысыңды.
Дүбірлетіп
өткенде дала төсін,
Тұяғыңнан
дұшпанның сағы сынды.

Төбелім-ау,
жылқы жоқ сеннен асқан.
Көзге түскен,
тектісің құлын жастан.
Сүрінуге
қақың жоқ туған жерде,
Қубас та
Желдіқара жерін басқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ат үсті (Желдіқараға жеткенше) өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Ат үсті (Желдіқараға жеткенше) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ат үсті (Желдіқараға жеткенше) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ат үсті (Желдіқараға жеткенше) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері