Күндидарлым – Мерей Қартов

Бұл бетте «Күндидарлым» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 702
Көзде - үміт,
Сөзде - сәуле,
Ойда - нұр.
Жүрегімді лүпілдеттің, ұяңым.
Алақайлап жұлдызға бір, Айға бір,
Кең әлемді кезіп кетті қиялым.

Табысқалы...
Алыстады бар мұңым.
Баға жетпес бақыт таптым орасан.
Жадырайды шуақ шашып әр күнім,
Күндидарлы ақ жүзіңе қарасам.

Мына қала екеумізбен сүйкімді,
Көшелер де ән салады көңілді.
Қандай ғажап ғұмыр кешу сиқырлы
және шексіз сүю тылсым өмірді!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күндидарлым өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Күндидарлым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күндидарлым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күндидарлым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері