Жан - мезгілі – Мерей Қартов

Бұл бетте «Жан - мезгілі» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 769
Жандүниемде ауысады мезгілдер,
Жабықсам- Қыс, жадырасам-Жаздаймын !
Сен жымисаң жауқазыным тез гүлдер,
Шарбы бұлттай ыдырайды аз қайғым.

Қабағымнан қар жауғыздым өткенде,
Күншуақты мінезіңмен еріттің.
Бір-ақ сәтте айналдырып Көктемге,
Көңіл ішін гүл жайнаттың көріктім.

Сейіл құрсақ түнемейтін баққа мұң,
Өткінші Күз жапырағын сан бастық.
Алыстасақ-ақ сезімнің xаттарын,
Кеудемізден құс ұшырып алмастық.

Жарқылдатсам жанарымның жай отын,
Нөсерлейді жүректегі ән-сезім!
Жазқұшақты жапырағын жаятын,
Жалғандағы- жалғызымсың, жансөзім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан - мезгілі өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Жан - мезгілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан - мезгілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан - мезгілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері