Назым
- 0
- 0
Жасымнан назым сөзге шебер едім,
Өзімнен шебер кім? — деп кебер едім.
Әр түрлі хикая мен дастандардың
Ширатқан шым жібектен көгені едім.
Бұл бетте «Сақиға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Болғанмен байтаққа бас, қоймас өлім,
Наһан боп, шараң нешік, сарқылса өрің?
Шаукатың шамадан тыс болғанменен,
Үңірейген, өмір бітсе, ордан — көрің.
Өнерден өнеді не өлім барда,
Үй түзеу ұнамайды көрің барда.
Қаңғуың, қойың бақпай — қолайсыз іс,
Аңдыған жан-жағыңнан бөрің барда.
Хабарлама
INFO
Диана
Керемет өлең екен маған қатты ұнады