Бұл бетте «Нұрпейіске» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
30.05.2019
0
0
1651
(Әзіл)
Нұрпейіс, беріп жібер, болса балтаң,
Беріп ем өзімсініп, сеніп салтаң.
"Алғыстан ақшаң тәуір!" - дейтін болсаң,
Толық пұл бермесем де, толар қалтаң!
Көркейтсең көңілімді қалайда да,
Жүрермін қалайда да талтаң-талтаң.
Жат қылсаң жадыңа осы жазғанымды,
Бұл болар көпке дейін шайнар малтаң.
Көрме жек күлерге айттым, кеуіл - аппақ,
"Адамға артад, - деп, - қол ашқан қартаң".
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі