Олимпиада – Лондоннан сүйінші елім!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 709
Лондонда ізім сайрап, жолым қалды,
Лондонда мен отырған төрім бар-ды,
Олимпиада – Лондоннан сүйінші Елім,
Екі мәрте Елұран орындалды!..
Көз жетті Ұлы Британ Лондонында,
Даламның дарындары молдығына,
Өлеңмен сүйіншіні мен берейін,
Қазақтың қос алтыны қоржынында!..
Алатауым толғанған алаңдамай,
Тебіренбей жата алар далам қалай?!
Үш алтын алам деген Талғат баурым,
Біз бастық екі қадам соған қарай!..
Тебірентер күн алда енді көкті,
Аянбай Қазақ үшін терді төкті,
Александр Виокуров айналайын,
Қазақтың Туын көкке желбіретті!..
Лондонға бекер келіп, бекер келмей,
Парызы туған жерге өтелгендей,
Еліктің асығындай Зұлфиямыз,
Алатаудың бір шыңын көтергендей!..
Жаралған жүрегіммен, бар ауылмен,
Кеудемдегі ең ыстық жалауыммен,
Лондонның көпірінен қарсы алып ем,
Осы бір Олимпиада алауын мен!..
Қазақы былай қойып қалжыңдарды,
Әр істе Қазақ деген мазмұн бар-ды.
Бәрі де бұл өмірдің бекер емес,
Елу Ел қатарына – аз күн қалды!..
Тарихқа айналуда қас-қағымдар,
Алатаудай ең биік асқарым бар,
ОЛИМПИАДА – ЛОНДОННЫҢ құшағында,
Өнерін көрсетуде жас дарындар!..
Әр үйі бір-бір тарих, ғажап еді,
Лондонның таза нұры, таза желі,
Қазақ қазақ болғалы, ағайындар!..
Олимпиада – Лондонда Қазақ Елі!!!

29 шілде 2012 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Олимпиада – Лондоннан сүйінші елім! өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Олимпиада – Лондоннан сүйінші елім! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Олимпиада – Лондоннан сүйінші елім! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Олимпиада – Лондоннан сүйінші елім! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері