Қанша заман осылай жер басып ең – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Қанша заман осылай жер басып ең» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 652
Қанша заман осылай жер басып ең,
Туған елім қашанда төрге асық ең,
Осылай хандық дәуір аяқталып,
Өткен ғасыр кезікті Елбасымен!
Бұлт көшіп Алатауға барады ауыр,
Нөсер жаумай өткенін қарады ауыл,
Осылай хандық дәуір аяқталып,
Басталды Тәуелсіздік Жаңа Дәуір!
Айналғандай дүние саябырға,
Біле алмай баянсызын, баянын да,
Жаңа Дәуір басталды қазағымда,
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында!
Басталды ұлы тарих тағы сыны,
Бостандықтың болатын алыс үні,
Көрінді Тәуелсіздік көш басында,
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ӘБІШҰЛЫ!
Елбасымыз хандардың бәрін талғап,
Елі үшін ары менен жанын жалғап,
Есілдің жағасына салды ескерткіш,
Қазақтың Кенесары ханына арнап.
Танытты Тәуелсіздік таң кемелін,
Тоғысқан теңізіндей сан кеменің,
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ дәлелдеді,
Мәңгілік тірі екенін Хан Кененің!
Жетті аман ұрпақтарға алыс үні,
Қалғымай қазағымда намыс үні,
Тірілткен Кенекемді қайта оятып,
ЕЛБАСЫМЫЗ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ!
Тәуелсіздік айналды ержетуге,
Бостандық күйі елімді тербетуде.
ПРЕЗИДЕНТ!
ТҰҢҒЫШ ЕЛДІҢ КӨШБАСШЫСЫ,
МӘҢГІЛІК!
ҰЛЫ ТАРИХ!
ЖЕР БЕТІНДЕ!..
* * *
Кеудемізге қуаныштан жас тамды,
Тәуелсіздік ашты көкті, аспанды,
Хандық дәуір аяқталып елімде,
ЖАҢА ДӘУІР,
ЖАҢА ДӘУІР БАСТАЛДЫ!..

15 қараша 2012 жыл
Алматы шаһары


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанша заман осылай жер басып ең өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Қанша заман осылай жер басып ең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанша заман осылай жер басып ең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанша заман осылай жер басып ең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері