Түркістанның базары
Бұл бетте «Түркістанның базары» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Күн шықпастан сайрататын саз, әнiн,
күн шықпастан қайнататын қазанын,
қүн шықпастан тойлататын қазағын
Түркiстанның базарын айт, базарын.
Аралап көр,
арала сен бар-дағы,
не iздесең табылады –
бар бәрi:
домаланса шарлар құсап қарбыздар,
тамсандырар өрiк, шие, шабдалы.
Сөрелерде моншақ құсап тiзiлген
күлiмдейдi күн нұрынан жүзiм де, –
«бiттә-бiттә» үзiп жесе өзбегiм,
қазағым тұр бiр жегенде жүзiн жеп.
Көсiлiңiз сәкi үсiне жата қап,
көк шай дайын шөлдесеңiз қаталап.
Мына жеңгей тым жуандап кетiптi –
белiнде оның бес шақырым мата бар.
Насыбайды қағып салып бiр атым,
нар шабандоз жетегiне ап жүр атын.
Қара қасын қағып тастап келiншек
сапырады қымызы мен шұбатын.
Мына алқа топ бiрiн-бiрi сүйреп жүр,
қара көздер қара көздi түйреп жүр.
Ақ қалпақты бейсенбайлар ән салып,
ала шапан тәшiметтер билеп жүр.
Қара, қара,
қарашы сен аруға,
ару көзi жалын болып жануда.
Алмай-ақ қой алмасын да, жаңғағын,
базарға адам келмейдi тек алуға.
Алмай-ақ қой жүзiмiн де бiр үзiм.
Алмай-ақ қой...
қара сен тек қызығын.
Ап қайтасың құшақ-құшақ сағыныш
саба-саба қуаныштың қымызын.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі