Өлең, жыр, ақындар

Ілияс Жансүгіровке

Құлақтай құрышы қанып күй тыңдаған,
Құлагерсің сөз бәйге де дейтінді ағам.
Күй менен күйші таныстырып кетті
От жырлы Ілияс ақын кейпін маған.

Түсіме кірді бүгін түнде құланы ердің,
Сыртынан тамаша қарап тұра бердім.
Балағынан жармаса тартып опасыздар
Ей қисық біткен заманын-ай Құлагердің.

Кірбінің көп түсіргендер тай көңілге,
Өмір мынау қия салған айды өлімге.
Елің үшін күрессеңде жанынды алған
Шабыссақта шара жоқ бәйге өмірге.

Қорғадың жау қылықтан өр еліңді,
Сарп еттің күш пен жігер, өнеріңді.
Дауа қылам жырларыңды ұрпағыңа
Даладан табам ақын атам өлеңінді.

Өзіңді жоқтап еліңнін тал терегі,
Сұм саясат қинамаса қайтер еді.
Тәнін оның өлтіріп мәз болсаңда
Қазақтың мәңгі өлмейді бәйтерегі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

25-мамыр

  • 0
  • 0

Мектептің альбомында тұр дастаным,
Жұлдыз санап өтуші еді түнгі аспаным.
Естен кетпес күндерді санап есептесек
Келіпті күн ұшатын түлеп құрдастарым.

Толық

25-мамыр

  • 0
  • 0

Мектептің альбомында тұр дастаным,
Жұлдыз санап өтуші еді түнгі аспаным.
Естен кетпес күндерді санап есептесек
Келіпті күн ұшатын түлеп құрдастарым.

Толық

Қарап көріңіз