Н. Ф. (Ивановаға) – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Н. Ф. (Ивановаға)» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 901
О баста жаным қалаған
Оңаша ойға батқанды;
Барымды ішке қамағам –
Жат көргем шерлі балаға
Жаны ашып, шулап жатқанды.
Бақытты жандар өзіме
Көмескімді ұқпас деп ұқтық.
Достасар, сүйер кезім де
Қайғылы қара сезімді
Сергітпес-ау деп деміктім.
Өзіме бұлдыр зарымды
Өлеңмен айтпақ жөн ұқтым,
Оқып бұл қағаздарымды,
Жұртпен де, күшпен арыңды
Демекші ем өзің жолықтыр.
Сабырлы, тұнық көздерің
Қадалды маған, қайран қап.
Басыңды шайқап, сез дедің
Санамды сырқат кезгенін,
Бос желік ойды ойрандап.
Сөзіңе сеніп, ойлансам,
Тереңдей түсіп жүрекке,
Ақылға бекер ойран сап
Қылмапты қылық ой жаңсақ.
Жұмсапты ол жұмбақ керекке.
Жұмсалған жағым борышкер
Жұлдызы нөпір түнгі аспан,
Айтқанын тәңір бір істер,
Болсын деп ойым өрістер,
Жылдарға жылжып тынбастан.
Қатал, өр мінез қақсатып
Бесікте жеген жаным-ай!..
Жоқ, сұмдық соқты оқсатып,
Зарлы ойдың шерлі мақсатын
Өлермін өзім танымай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Н. Ф. (Ивановаға) өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Н. Ф. (Ивановаға) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Н. Ф. (Ивановаға) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Н. Ф. (Ивановаға) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері