Өлең, жыр, ақындар

...ға

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 661
"Хат жазуға батылдандым, кеше гөр,
Қолда - қалам, қарсы алдымда - қабірім.
О тарапта не бар екен? - десе егер –
Бәрі қапас, бәрі тылсым, бәрі құм.
Айналамда қаумалаған туыстар
Жоқтау жасы бетін жуған бәрінің.
Жазам, жазам... бұл меңіреу қуыс та
Сөндіргем жоқ махаббаттың жарығын.
Бұл азапты білмейсіз ғой бірақ сіз;
Енді сездім, тек екен бұл мехнат.
Ең ақыры демін дағы тұрақсыз.
Жазам бірақ, куәсі - оның осы хат –
Онсыз менің көкірегім шуақсыз!
Хат қабыл ал, түсер сонда жанарың,
Жан дауысым үнсіздікке сыймады,
Құштарлыққа құрбан болып барамын!
Ренжітпес сені бұл хат ибалы...
Не көрмедім - бұл өмірден көп көрдім
Дос алдады. Өзге болар енді күй,
Кешір, досым, - қайырын бер өткеннің" –
Деді дағы, қолын қойды:
"Евгений".


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ән

  • 0
  • 0

Шарап толы шараларды төңкеріп
Көмейіңе құй мендей.
Осы той мен өмір тойын тең көріп,
Еш нәрседен именбей

Толық

Романс

  • 0
  • 0

Майдан алаңына барғанда
Жалбарынар деп жалғанда
Ойыңа мені ала гөр.
Алданған сәтте досыңнан

Толық

Үш мыстан

  • 0
  • 0

Кезіктірдім балықшыны
Ау жамаған бір дем алмай!
Жүзі жарқын, анық шыны
Төрт құбыласы тең адамдай!

Толық