Менің үйім – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Менің үйім» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1288
Күмбезді бүткіл аспанның асты үй маған, —
Ән қанатын қаққан жердің барлығы,
Өмірде мынау тіршілік біткен сыйды оған,
Ақынға да болмайды оның тарлығы,
Шатыры оның жұлдызға толы зерлі аспан,
Ал кеңдігі көз жеткісіз, мөлшерсіз:
Іргесін оның, шегімен жердің жалғасқан,
Көзбен емес, көңілмен тек өлшерсіз.
Адамдық ғазиз жүректе шындық сезім бар,
Мәңгіліктің қасиетті ұрығы:
Кеңістік шексіз, ғасырдың, тіпті, өзі де әр
Көзіңді ашып, жұмғандай-ақ бір ұғым.
Ғаламат сол бір үйімді менің құдірет
Сол бір шындық иеміз үшін жасаған.
Осынау үйде азап та шегем мың рет,
Тек сол және тыншу табар босағам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің үйім өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Менің үйім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің үйім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің үйім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері