Өлең, жыр, ақындар

Андрей Шеньеден

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 731
Мен майданда мерт болармын мәңгілік,
Иә болмаса ел кезермін қаңғырып.
Мүмкін тіпті сұм өсектен түңіліп,
Жұрт алдында жаудан тауым жығылып,
Ар-намыстан арылмайтын дерт қонып,
Әдейі өзім жанып кетсем өрт болып;
Тақпа кінә жаны күйген балаға,
Жалынамын — жазба мені табаға.
Көп қинадым, жыла мейлің, бишара,
Құдай сүйер қылығым жоқ, не шара.
Өр дұшпанды өшіктірген өзіммін,
Алсын кегін, бірақ шыны сөзімнің:
Жауыз емен, солай болды тағдырым,
Шындық үшін қидым елге барлығын;
Жады қауым алып әбден еркімді,
Діңкем құрып, бұза алмадым сертімді.
Жасадым мен жұртқа көбін залалдың,
Бірақ, жаным, сен дегенде адалмын.
От ішінде жүрсем де ылғи мен жүдеп,
Сені ғана сүйдім ғой тек елжіреп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Досым В. Ш-ға

  • 0
  • 0

"Жақсы күнге дейін аман болалық!"
Деген едің қоштасарда қол алып.
Алданыппын, күпті боппын мен бекер,
Ондай күндер келмейді, дос, ол анық.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Сүйкімді-ақсың тағуға бекерге мін,
Сүю үшін - әркімге көзің де ұнап!
Жарты әлемді бақытты етер де едің,
Бақытты бола алмассың өзің бірақ;

Толық

Кавказ

  • 0
  • 0

Таулары оңтүстіктің жастан таныс,
Әкетті тағдыр мені сенен алыс.
Бір көрген сенің көркің естен шықпас:
Елімнің өлеңіндей әсем дауыс.

Толық