Кавказ – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Кавказ» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 983
Таулары оңтүстіктің жастан таныс,
Әкетті тағдыр мені сенен алыс.
Бір көрген сенің көркің естен шықпас:
Елімнің өлеңіндей әсем дауыс.
Мен сені сүйем, Кавказ.
Ес білмей мен анамнан жастай қалдым,
Ал бірақ алауланып батарда күн.
Сол дала қайта айтқандай анам даусын,
Сол үшін шыңдарыңды сүйем ақ бас,
Сол үшін сүйем, Кавказ.
Жаныма рахат еді-ау тау аңғары,
Аңсаймын, бес жыл өтті, ауаңды әлі,
Жұлдыздай жарқыраған көз көріп ем
Жүрегім соны ойласа, тағат таппас,
Сол үшін сүйем, Кавказ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері