Өлең, жыр, ақындар

Елена әулие

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 879
Еске алайық аралды қияндағы:
Жағасында көңілі ойран-ботқа
Наполеон әр мезет қиялданып,
Франция туралы ойға батқан.
Теңіз ұлы, теңіздің жиегінде
Қалды молаң - қарымта жаралады.
Опасыз ел ұлының сүйегін де
Өз қойнына алуға жарамады.
Алған одан тағдыр да, өмір де өшін.
Бір басында қасірет жатыр қанша!
Әруақсыз да әулетсіз ғұмыр кешіп,
Жеңілсе де өлді ол батырларша!
Өте шыққан құйындай толы жынға,
Ол тағдырдың кездейсоқ ағаты ма.
Өгей еді өмірге, түгел жұмақ:
Шырқаған күн, жер болған сағаты да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елена әулие өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Елена әулие өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Елена әулие өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елена әулие өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар