Қылышым жоқ – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Қылышым жоқ» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2085
Қылышым жоқ, шабар едім - дұшпанды,
Найзам да жоқ, түйрер жанды - қастанды.
Гүрзім қайда, қара тасты талқандар,
Ұран қайда
Қақ жарған -
Жер, Аспанды!
Тұлпар өлген, айлық жерге шабатын,
Сұнқарым жоқ,түлкілер көп - алатын.
Жебем сынған тау төңкеріп ұшатын
Ару да жоқ, күліп алдан шығатын!....
Бәрі кеткен,
Ертегілер ішіне,
Сол қалпымен,
Сол салтымен күшінде...
Кей жылдары жарқырайды бір жұлдыз
Туған Айдың,
Бірге ілесіп - үстінде?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қылышым жоқ өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Қылышым жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қылышым жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қылышым жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері