Гүл өмір – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Гүл өмір» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 4335
Жұпар исін, бұрқыратса гүл егер,
Бақ ішінен ақырындап тере бер.
Қызыл іңір, тірегенде тұмсығын
Қабағыңнан түнді аунатып түрегел.
Қызыл - гүлді,
Сары - гүлді,
Ақ - гүлді,
Жапыраққа сәндеп ора әр түрлі.
Үзген сайын, жас өмірдің ғұмырын
Есіңе алғай жалбарынып -
Тәңірді!
«Гүл - қоздырар,
Адамдардың құмарын,
Гүл - жаздырар,
Ақындарға жыр - әнін.
Гүл - қосады,
Ғашықтарды - мәңгілік,
Гүл - ашады,
Махабаттың бұлағын!
Гүл - өмірің,
Гүл - тіршілік, жайнасын,
Шаң баспасын жарқыраған айнасын.
Гүл - бақытың,
Гүл - сағыныш,
Мейірім
Гүл - тамыры - жүрегіңе байлансын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл өмір өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Гүл өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Гүл өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері