Шарық тас – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Шарық тас» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2275
Тастан-тастың асыл-ай
Көктен түскен жасындай.
Жатыр дала төсінде
Кейбір таулар қосылмай.
Алтын, Күміс, Темір де
Тау ішінде өңірде.
Бар асылын береді
Ел билеген-Өмірге.
Түрлі түсті сәнімен,
Тастар қымбат-дәріден.
Үйімдегі-Шарық тас
Маған артық бәрінен.
Үйдегі бар пышақты,
Біз, қашауды, ұсақты,
Дүзі барды қайраймын
Үйдің мүлкі тұрақты.
Таңданамын тас құмға,
Берік бітім-ұсқынға...
Екі беті жұқарып
Жатыр төсек астында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шарық тас өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Шарық тас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шарық тас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шарық тас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері