Өлең, жыр, ақындар

Ешкім естімеген аңыз

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 811
Пайғамбар: Бүкіл әлемге билік жүргізуге адамды жараттыңыз. Айтыңызшы, барлық адам риза болатындай қандай ісіңіз бар?
Құдай: Адамзатқа ақылды бірдей бөліп бердім.
Пайғамбар: Оны қайдан білдіңіз?
Құдай: Ақылым аз деп арыз айтқан адам болмады.
Пайғамбар:
Жараттыңыз жерді, көкті,
Адамзатты асыл текті.
Ұшатын құс, жүгірген аң,
Он сегіз мың ғалам — көпті.
Кей жерлерді түнсіз қылып,
Кей жәндікті үнсіз қылып.
Істедіңіз айтыңызшы,
Нендей затты мінсіз қылып?
Құдай:
Жерді, суды, көкті — бәрін,
Жан-жануар, шөптің нәрін,
Адамзатқа арнағанмын,
Бір басына төктім бәрін.
Алға тарттым жалғыз талап:
Бар ғаламды күтіп қарап,
Ұрпағына мирас етсін,
Әрқайсысын мыңға балап.
Қолдансын деп ақыл бердім,
Ойдан шықса — мақұл дермін.
Қожасы еттім бүкіл ғалам,
Алыс және жақын жердің.
Иеленді тәмәм затты,
Ғарышқа да қадам басты.
Жаратып ем мінсіз етіп,
Ең сүйіктім — адамзатты!
Пайғамбар:
Бір-біріне көзі қимай,
Жатыр дейді жерге сыймай.
Араздасып күн кешеді,
Бітіспейді-ау езің тыймай.
Құдай:
Не істесе ерік бердім,
Мен адамға сеніп те едім.
Енді барып сен солардың
Тындырғанын көріп келгін.
Пайғамбар:
Пырағына мініп алып,
Көрді жерді, жүзі налып.
Деді қандай өкінішті
Адам құлқы бұзық, анық.
Деді көзбен көріп келдім,
Шеттерінен бүлік дермін.
Өздеріңе ат тағыпты
"Ұлымыз деп ерікті елдің".
Тіліп жерді, жыртып жатыр,
Құт құйқасын құртып жатыр.
Көшіп келіп, қоныс етер,
Түбі осында жұртың, ақыр.
Жоқ қылыпты талай затты,
Шапқан, жаққан талай бақты.
Жан-жануар, өсімдікті,
Аямайды алтын тақты.
Соғыс дерті кеткен тарап,
Нан жоқ, табар қару-жарақ.
Ойлап тапқан не сұмдықты,
Дерт шақырар жанға азап.
Аурумыз деп арызданар,
Көмек беру парыз болар.
У сатып ап жерге себер,
Дәрі алуға қарызданар.
Ашпыз дейді, қайда қаштық,
Бір ел сорлы, жайлап аштық.
Қар астында шірітеді,
Енді бір ел тайлап астық.
Құдай дәулет бермеді деп,
Сізден, сірә, көрмегі көп.
Бірақ қарын тойдыруға,
Жердің нәрін термеді тек.
Сен жаратқан аң мен жанның,
Азайтыпты мыңдап санын.
Аң, мал түгіл ойламайды-ау,
Өзінің де шындап қамын.
Жатыр екен көл де кеуіп,
Төніп қалды елге қауіп.
Тоз-тоз етіп қолдағысын,
Түбі кетер жерден ауып.
Біреуі бай, мыңы жарлы,
Жүзі арсыз, бірі арлы.
Кейбір елді дерт жайлаған,
Көбі надан, көбі зарлы.
Мыңдап сұрақ сұрар әлі,
Байлық, саулық сұрағаны.
О, ғажайып, сонша жаннан,
Біреу ақыл сұрамады.
Құдай:
Бәрін, бәрін тексеріпсің,
Шындық құмар сен серіксің.
Менен кеткен қате бар ма,
Адам азды деп келіпсің?
Пайғамбар:
Бәрі ақылды, бәрі пысық,
Соқтықпаса қолы қышып.
Ақылменен жаулық жасар,
Жай жүруге іші пысып.
Қас болады жақынменен,
Зорлық істер ақылменен.
Тым көп екен қатыгездер,
Нашарлардың қақын жеген.
Ізгіден де жауыз жан көп,
Мамандығым бауыздау деп.
Талай асыл құрбан болған,
Жаңылысып ауыздан тек.
Өтірікті мен айта алман
Жаратыпсың (тура айтам мен):
Мың адамға — бір періште,
Жан басына — бір сайтаннан.
Қанды оқиға қызғылықты,
Қатыгездер тым білікті.
Тең бөлгенің дұрыс еді,
Ақылдан да ізгілікті!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке тоны

  • 0
  • 0

Ене-ау, дептi келiнi, түскен жылы
(Ұялады әлi күн айтсаң мұны),
Қыл-қыбырды көбейтiп неге керек
Тастайықшы, ескi зат қайтқан құны.

Толық

Адамдар

  • 0
  • 0

Құда болса әулетің мен нағашың,
Іңкәр сезім тапса тоят, жарасым —
Тамшы қанға жан бітірсе Құдірет,
Адам болып аз ғана күн жанасың.

Толық

Мажыра шақ

  • 0
  • 0

Сал жеңгенiң қойынындай
Қайнап тұрған құшағы.
Ыстық шағыл, пейiл қандай,
Мейiрлене құшады.

Толық

Қарап көріңіз