Анаға құрмет – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Анаға құрмет» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1061
Пайғамбарға арналады
Әлдекім келіп:
— Иә, Расуллаһ, қадір-құрметке ең лайықты жан кім?" — деп сұрады.
— Сенің Анаң! — деді Пайғамбар (ғ.с.)
— Онан соң кім?
— Сенің Анаң!
— Тағы кім бар ? — деді үшінші peт оған.
Әлгі кісі осы сұрақты төртінші рет сұрағанда: "Сенің Атаң!" — деп жауап қатыпты Пайғамбар (ғ.с.).
Хадистерден.

"Алладан соң ең ардағым Анам", — деп,
Қайталасын үш мәртебе санаң тек.
Еске түссе өсиеті Пайғамбар,
Ойға батып, еркімнен тыс, қалам кеп.
Бала Ананың мейіріне бөленіп,
Ең адал ас — уызына кенеліп.
Барлық бала осылайша ардақты,
Осы шақта періштеге теңеліп.
Мәпеленіп барлығы да ержетер,
Бірі озар, бірі азар, кер кетер.
Болар бала, дейді содан боғынан —
Айтпайды ғой ешқашанда ел бекер.
Бердің бе сен — қысылғанға қол ұшын?
Еттің бе еңбек — мұсылмандық жол үшін?
Өз Анаңды, — депті,— арқала Қағбаға,
Өте солай ана сүтін — борышың.
Ана-мұхит, Ана-теңіз телегей.
Ана-мейір — бала жанын бөлегей.
Ана-Ай, Күн, Ана-бағдар! Адасар
Кеткен жандар Ана атын елемей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анаға құрмет өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Анаға құрмет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анаға құрмет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анаға құрмет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері