Өлең, жыр, ақындар

Күлтегіннің ұрпағы — Иманғали!

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 589
Түркі тамыр, мен де бір, емен едім,
Келіп отыр: "Ей, Алла деме!" — дедім.
Ойы олқы соғар ма, Астанаға,
Ауылда өскен, қазақы, немененің.
"Мың тіріліп, мың өлген... Жұбан әнін
"Шүкір" деймін, еске алсам, бұ да наным.
Тағы қате басам ба?.. Сақта Құдай!
Сондай шақта Сен бар деп жұбанамын.
"Ел" деп, "Жер" деп тер төгіп іс қылатын,
Әйгіледің атаңның "үшбу" атын.
Күлтегіннің ұрпағы — Иманғали!
— Туған жерге арнаған күш-қуатын.
Ақсақалсың, ағасың — інім менің,
Жеткенінше жырлаймын үнім, демім.
Тілегіңді тілермін ел атынан,
Сарқылғанша бойдағы сенім, сезім.
Арқа сүйер асқарсың апшығанға,
Бұғалықсың бас асау шапшығанға.
Замандармен тілдессем сенің арқаң,
Жүрек қылы тербелді жақсы жанға.
Жалғасырдың мың жылдар аралығын
Айналайын еңбегің дара бүгін.
Бабасына бас иген Күлтегіндей,
Саған сенген қазақтар қарақұрым!
Ізің қалды, сайраған, қайда барсаң,
Жаның ізгі, мінезің — майда, жайсаң.
Қол өнерін қазақтың мәңгіледің,
Іс тындырып келер ең Айға барсаң!
Жалғастырдың ғасырды ғасырларға,
Кісілікті Ұғынттың тасырларға.
Отызында Ордаға аға болдың,
Қор болмаспыз өзіңдей асыл барда.
Әлеміңді өзіңнің жасап ішкі,
Сен тұлғаға айналдың аса күшті.
Екі жылға жетпейтін еңбегіңнен,
Атыраудың айбыны аса түсті.
Тәңіріге жетті де зары көптің —
Мәңгүрттердің ордасын жарып өттің!
Міне енді кеудемді көтеремін,
Сендей ұлдар ұлт пен жұрт ары беттің!
Жағаласып әр бірі жасы жүзден,
Қазақ едім белімді ғасыр үзген.
Сенің арқаң Сарайшық бас көтерсе,
Бейбарысқа иілдік басымызбен.
Жеті мешіт арқаңда тұрғызылды,
Көргендейміз өзіңнен біз Қызырды.
Қамқорладың Жошы хан, Бекет Пірді,
Тек өзіңнен алсыншы ұл-қыз үлгі.
Қарсы жүзген дауылға толқын болып,
Бос сөздіге көрсеттің жойқын жорық.
Шақпақ тастай — бойыңа от жинадың,
Намыс-қылыш, үлгі алсын, қойсын жонып.
Атам жаны тұңғиық, терең еді,
Кейбір ұрпақ есіркеп, елемеді.
Шымыраудан ел үшін нәр шығарар
Өзіңдей бір текті ұл керек еді.
Сен түсіндің тектілік — күш, құтын — әр,
Әр қимылың ұрпаққа бір жұтым нәр!
Томсон дана, Гумилев, Иманғали —
Ошағымның от жағар үш бұты бар.

Ақтау. 22.06.2001 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлі өтеген жоқ едім қарызымды

  • 0
  • 0

Ұрандатсақ жас кезде – маздайықшы,
Көңiл қайтқан мiне ендi, жаз тайыпты.
Жалыны жоқ, жүректе шоғы қалған,
Көкiректе қоздайды саз байыпты

Толық

Жалғанда ауыр немене (терме)

  • 0
  • 0

Жалғанда ауыр немене? –
Әкенің салқын назары.
Көз тоймас асыл немене? –
Ананың жарқын ажары.

Толық

Мән мен сән

  • 0
  • 0

Гүл-гүл ерін... бал жұқтыра өпкенде —
Сол ерінге қалса жігіт боп пенде.
Тіршіліктің мәні, сәні — бір қыз боп,
Жүрегіңе нұр құйылып кеткенде.

Толық

Қарап көріңіз