Ұйқысыз түн – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ұйқысыз түн» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1374
Кілт өзгеріп, күн бата, жаратылыс,
Тапқандай ма, аз дамыл, дала тыныш.
(Табиғаттан тыс туған құбылыстай,
Бұ не ғажап, алмайды қала тыныс).
Күңгірт сәуле жер бетін жаба бастап
Аспан асты мәртебе табады асқақ.
Ана жұлдыз жарқырап ағып өтті,
Өтіп кетті бізден де аға — жас шақ.
Бағы жанып бар аспан жымыңдасқан,
Сағы сынған — жер мен жел мұңын басқан.
Құпияшыл жапырақ күбір-күбір,
Естімейді дей ме екен сыбырды аспан.
Аспан оңып, жер өңі кірген кезде —
Аңталаған тіршілік — өрген түзде.
Таңның нұры өрнектеп табиғатты
Шеберлігін танытар, көрген, Сізге.
Күн мен түні айналып кезек кешіп
Бар табиғат тереді кезек несіп.
Ал пенделер бақ сынар талапайда,
Тірлік мәнін тентек пен өжет шешіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқысыз түн өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұйқысыз түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқысыз түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқысыз түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері