Киіз үй – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Киіз үй» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1101
Дүйсенбекке

Орман да емес мекенiң.
Аңғар да емес мекенiң.
Жарлар да емес мекенiң.
Кеңiстiк — сенiң, мекенiң.
Кеңiстiк — сенiң мекенiң.
Үдере көшкен жерiнен
қантөгiс, қатал шақтарда,
мiнезiң сенiң әлi де
ежелгi қыпшақ,
сақтардай.
Арқайын жатқан кезiң жоқ,
тұрасың, әмән,
күтiнiп,
кез келген сәтке әзiр боп
буынып киiз күпiнi.
Бiр жола қоршап қамалмен
қояр ек сенi шарлатпай.
Бiр уыс денең, амал не,
сыймайды аула, шарбаққа.
Сiрә да сәнiң бола ма, —
өлгенiң онда мың жасап! —
шықпасаң жапан далаға
көкжиек қоршап тұрмаса.
Елемей күздiң ызғарын
жатпайсың, iздеп тасаны.
Сел сiлкiсе сызданып,
жел жұлқыса қасарып
тұрасың жапан далада
қалмастан ойпаң, қойнауда, –
шөлдердi кезiп аралап
қонасың жасыл жайлауға!..
Кей кезде ойға батасың,
Құбылып төрт жақ құбылаң,
сағынып жырды жатасың
шомылып Айдың нұрына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Киіз үй өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Киіз үй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Киіз үй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Киіз үй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері