Құс жолы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Құс жолы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 616
Туған жердi аңсап жүрек тiлiнер.
Жата алмаспын ондай кезде түнiмен –
сол бiр сәтте жұлдыздары шаңытқан
Құс жолына түсiп алып жүгiрем.
Шығамын да шырқау биiк ұшып-ақ,
жүгiремiн Құс жолына түсiп ап,
жол-жөнекей қолға қонған жұлдызды
көкiрегiме қысып ап
жүгiремiн Құс жолына түсiп ап.
Ондай кезде зымырағам, ағылғам,
Ай жолымда шам боп тұрар жағылған.
Туу төменге сорғалайды жұлдыздар
түсiп кетсе қолымнан.
Келемiн мен,
келемiн мен жүгiрiп,
жұлдыз болып жарқырайды мың үмiт...
Келемiн мен,
келемiн мен жүгiрiп –
жұлдыздарға жуынып,
жұлдыздарға жылынып.
Өзегiмдi өртеп алғам өрт үнмен!
Космостың ызғары ұрар бетiмнен.
Мен жүгiрем .
Айналамда жұлдыздар
шоршып шығып,
шоршып батып секiрген.
Құс жолы тұр шетсiз-шексiз тартылып,
Жүгiремiн үстiнде оның алқынып –
өтетiн ол, өтетiн ол өйткенi
жұлдыздары шаңытып,
бiздiң ауыл арқылы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құс жолы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Құс жолы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құс жолы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құс жолы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері