Өлең, жыр, ақындар

Бөтен адам

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1184
Мынау адам –
бөтен адам, басқа адам.
Ел мен жерден өзiн бөлiп тастаған.
Бiр адамға ойын, сырын ашпаған
мынау адам –
бөтен адам, басқа адам.
Қарашы сен –
ызғар жатыр үнiнде–,
қарашы сен –
ызбар жатыр түрiнде.
Бұл адамнан, бұл адамнан бөлекпiн
бiр болса да ұлтым менен тiлiм де.
Мiз бақпастан жарып сенiң өтiңдi
жейтiн-сынды тiрiдей-ақ етiңдi.
Өн бойында ұя салып озбырлық,
ойларында ойран жатқан секiлдi.
Қарашы сен – сезiн, мейлi, сезiнбе! –
Керек шығар қарау үшiн төзiм де.
Ауызын ашса у тамардай тiлiнен,
сұмдық жатыр сығалаған көзiнде.
Қарап алып жан-жағына тiк тұрып
ол кетедi көп нәрсенi ұқтырып.
Жаңа ғана көрден шыққан секiлдi
қолы қандай,
қолы қандай сұп-суық.
Ел, жер үшiн белi ауырып тер төкпей
келе жатыр ант етпей, серт етпей.
Ол келгенде – о, сұмдық-ай! – қарашы
ағаштар да тұнып қалар селт етпей.
Шаң қонбаған сұп-сұр оның жүзiне
қарамайды ол сұлулыққа үзiге.
...Жылан келiп жұмыртқасын сап жатыр
сол адамның басып кеткен iзiне.
Оны көрiп – жаным жылап, егiлем,
оны көрiп ыдыраймын, сөгiлем.
Ластанып бара жатқан секiлдi
ауа-дағы
соның алған демiнен.
Боп көрмеген халық үшiн қапалы,
түспеген кеп бiр адамға шапағы.
Осы адамнан
ел жиырылып тартынып,
осы адамнан
жер жиiркенiп жатады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиянат соғыс

  • 0
  • 0

Тағы да жер үстiн
Зұлмат басты.
Әлемдi
Шешуi де жоқ,

Толық

Шыдаған қанша сан мұңға

  • 0
  • 0

Шыдаған қанша сан мұңға,
томсарып үнсiз түйiлген,
глобус тұр алдымда
монтиған киiз үйiмдей.

Толық

Құрғақшылық

  • 0
  • 0

Мына дүниеТемірхан Медетбек
Лапылдаған
Отқа түскендей.
Ыстықтығы сондай –

Толық

Қарап көріңіз