Көңiлiне көлеңке мұң түсiрме! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көңiлiне көлеңке мұң түсiрме!» атты Темірхан Медетбек жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 595
Көңiлiне көлеңке мұң түсiрме!
Өзiң мұны түсiн мейлi, түсiнбе:
екеумiздiң жүргенiмiз жарасып –
бiздер түгiл –
керек өмiр үшiн де!
Бiрге айтылып тiлегiммен тiлегiң,
бiрге соқсын жүрегiммен жүрегiң.
Екеумiзбен сәндiрек қой бұл өмiр,
екеумiзбен мәндiрек қой бұл өмiр.
Бiрге айтылып тiлегiммен тiлегiң,
бiрге соқсын жүрегiммен жүрегiң.
Екеумiзбен жылылырақ бұл өмiр,
екеумiзбен сұлулырақ бұл өмiр.
Бiрге айтылып тiлегiммен тiлегiң,
бiрге соқсын жүрегiммен жүрегiң.
Екеумiзбен қызулырақ бұл өмiр,
екеумiзбен қызығырақ бұл өмiр.
Бiрге айтылып тiлегiммен тiлегiң,
бiрге соқсын жүрегiммен жүрегiң.
екеумiзбен мұраттырақ бұл өмiр,
екеумiзбен қуаттырақ бұл өмiр.
Сенi ойласам айналып мен тереңге,
салмақтырақ бола түсер өлең де...
Жүдеу тартып қалар едi-ау бұл өмiр
бiз екеумiз кездеспесек егер де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері