Өлең, жыр, ақындар

Қара өлең

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 806
М. Қабанбаевқа

Қара арғымақ жалын құшты,
Қамығады қалың ел.
Сағыныштың суын жұтып,
Сарғаяды сары бел.
Қара жұлдыз көкте ағады,
Қара жасы тамшылап.
Қарлығаштың ақ тамағы
Бүлкіл қақты ән сұрап.
Қара нарым желіп өтті,
Даусы желге шашылып.
Тал теңселіп, шашын жұлды,
Әлденеге асығып.
Сауытымның тор көздері
Бытыр-бытыр сөгілді.
Атқылайтын қауыздағы
Аппақ бұлақ көмілді.
Қап-қара жел аңырап тұр,
Қара аспанның бетінде.
Қара бұлттар жамырап кіл
Шөл даланың өтінде.
Қара тұлпар арындап кеп,
Кірді көшкен керуенге.
Сері көңіл шалқып, тасып,
Шықпай қалды серуенге.
Қайран мұңым, жайраң күнім
Ажал жетті, мерт болдың.
Шөлдеп едің күн астында,
Тұтандың да өрт болдың.
Бебеуледі қара қобыз,
Ол да мұңмен сарындас.
Шын жүйрігін іздеп жатыр
Қамығып ел, қарындас...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара өлең өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Қара өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қара өлең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері